Екібастұзда полиция қызметкері қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Павлодарлық құқық қорғаушының мәліметінше, ол қызды зорлаған. Бұл ақпарат биыл маусым айында әшкереленді.
Жәбірленуші 17 ақпанда ұсталып, оның үйінде тінту жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғаушының айтуынша, тінту жұмыстарынан кейін тергеуге алынған қызды түн ішінде жалдамалы пәтерге апарып, қорқытып, қоқан-лоқы көрсетіп зорлаған.
Ертесінде, 19 ақпан күні есін жиып, ол жалдамалы пәтерде заңсыз ұстап, зорланғаны жөнінде арыз жазды.
Елена Семенованың жазуынша, ол зорланғаны жайлы арыз жазғаннан кейін 10 күн өткен соң қызды қайта қамауға алып, босатпай, тергеу изоляторына жапқан.
Сонымен қатар, маусым айында Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) және 362-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша өңірдің ПД сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлаған. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешімі қабылданады.
Ал енді болса Павлодар облыстық полиция департаменті қызды зорлау ісі бойынша интернет басылымының ресми сауалына былай деп хабарлады:
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкері ішкі істер органдарынан қуылды. Сондай-ақ, бірнеше лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды».