Түркістан облысында екі ер адам арасында мал етін кесуге байланысты дау туындап, қасапшының бірі пышақ жарақатын алды. Қылмыс облыс орталығының қиылыстарының бірінде орын алған.
Түркістан қиылыстарының бірінде пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылды.
Полиция ведомствосының мәліметінше, 22 ақпанда түнде жедел жәрдем бригадасына адам өлімі туралы хабарлама түскен.
Жәбірленушінің базарда қасапшы болып жұмыс істеген жергілікті тұрғын екені анықталды.
Жергілікті тұрғынның ️өлімін полицейлер ізін суытпай ашты
«Полицейлер күдіктіні ұстады, ол — Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт өз кінәсін мойындады», — деді тәртіп сақшылары.
Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды, деп хабарлады ведомстводан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, нәтижесінде жәбірленуші пышақталып, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Күдікті тұтқындалды.