Құтқарушылар жанып жатқан жатақханадан екі қызды алып шықты

Оралда жанып жатқан жатақханадан бес және жеті жастағы екі қыз құтқарылды.

Өрт 3 ақпан күні сағат 10:18-де Ақотау көшесі, Депо ауданындағы № 24/1 үйде болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төртінші қабатындағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанды. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады.

«Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарып қалды, олардың екеуі — бала, 32 адам эвакуацияланды. Жанып жатқан пәтерден ер адам автосатының көмегімен терезеден шығарылды. Оқиға орнында дәрігерлер шұғыл көмек көрсетті. Өрт сағат 11.01-де сөндірілді. Оқиға орнында 12 техника мен 35 өрт сөндіруші жұмыылдырылд», — деп хабарлады БҚО ТЖД.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, орта дәрежеде газбен уланған 45 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 5 және 7 жасар қыздарға жеңіл дәрежеде газдан улану диагнозын қойды. Олар да медициналық мекемеге жатқызылды.

Айта кетерлігі, қыздар жанып жатқан пәтермен көршілес болған. Оларды сыртынан бекітіп кеткен, жанында ересектер болмағандықтан құтқарушылар есікті бұзып кіруіне тура келді.

Добавить комментарий