Подмосковьедегі ойын-сауық саябағында аттракционның кабинасы құлады

Подмосковьедегі Орехово-Зуева қалалық ойын-сауық саябағында «Көңілді толқын» аттракцион кабинасы құлады.

Қозғалыс кезінде кабиналардың бірі құлап, 15 жастағы екі қыз жарақат алды.

Оқиға сәрсенбі күні орын алды, зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.

Мәскеу облысының прокуратурасы аталған оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, аттракцион кабинасы құлауына не себепт болғанын анықтап жатыр.

Тергеу шеңберінде жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді сот сараптамалары жүргізіледі. Облыстық тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы РФ Қылмыстық кодексінің 238-бабы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аттракциондағы осындай жағдайлар әрдайым алаңдаушылық тудырады және аттракционның жұмысындағы ақау мен қауіпсіздік шараларын сақталмауына жауаптыны белгілеу маңызды. Тергеу нәтижелері алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алуға және аттракциондар паркіне келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін.

 

Добавить комментарий