Петропавлда коньяк заңсыз шығарған

Петропавл қаласының тұрғыны гаражда алкогольдік өнімдерді шығарған.

Жасырын цехта 8 мыңнан астам алкоголь өнімдері мен құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық пластикалық бес литрлік ыдыстар тәркіленді.

СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Петропавл қаласының тұрғыны гараж кооперативтерінің бірінде суррогат өнімін дайындап, халыққа сатқан.

«Гаражды тінту барысында есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, сондай-ақ бос ыдыстар, қақпақтар, «миндальды коньяк» хош иістендіргіш концентрат және суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Добавить комментарий