Түркістан облысында кәрізден жаңа туған сәбидің денесі табылды

Ақсукент ауылының тұрғындары полицияға кәрізде нәрестенің өлі денесі жатқанын хабарлады. Олар құбырдан жаңа туған сәбидің денесін тапты.

Ауыл тұрғындары 16 қарашада кәріз құбырынан сәбидің денесін тауып, оқиға орнына полицейлерді шақырған.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарден сұрастыру арқылы, бір тәулік ішінде сәбидің анасын тапты. Күдікті жүкті екенін білмегенін, дәретханаға барғанда оның ішінен «бірдеңе түскендей» сезім болғанын айтты. Келіншек сол ауыл тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеп, қажетті сараптамаларды тағайындады. Келіншек төрт жылға бас бостандығынан айырылуы немесе шектелуі мүмкін.

Күдікті жүкті екенін білмегенін, дәретханаға барғанда оның ішінен «бірдеңе түскендей» сезім болғанын айтты.

Әйелдің психикалық ауруға ұшырағаны, арнайы есепте тұратыны хабарланды.

Добавить комментарий