Петропавлда колледж студенттері жаппай қызылша жұқтырды

Петропавлда жергілікті кәсіптік-педагогикалық колледждің студенттері арасында қызылша жұқтырғандар саны артып келеді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері хабарлағандай, қазіргі уақытта қызылшаға күдікті 21 жағдай тіркелді, оның біреуі расталды, қалған 20 адамның анализ нәтижесі күтілуде.

Департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, қызылшаның зертханалық диагностикасы біраз уақыт талап етеді және процесс аурудың алғашқы үш күнде зәр алу анализінен бастап, бөртпе пайда болғаннан кейін 4-28 күн аралығында қан алу аназизіне дейінгі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл диагнозды тез анықтаулы қиындатады.

Қазіргі уақытта колледжде қызылшаға қарсы екпе алғаны туралы құжаты жоқ 443 адамға шұғыл вакцинация жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 66 адам вакцинацияланды және процесс жалғасуда.

Сонымен қатар, өңірде оқушылар арасында, соның ішінде № 5 және 9 орта мектептерінде, сондай-ақ Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында қызылша ауруының 11 жағдайы тіркелген. Айыртау ауданы Саумалкөл ауылындағы қазақ орта мектебінде екі жағдай тіркелді.

Қазақстан Ұлттық ұланы академиясында қызылша жұқтырған курсанттардың саны да өсуде. Қазіргі таңда қызылшаға күдік келтірілген 52 жағдай тіркелді, оның 47-сі расталған. Санитарлық дәрігер қызылшаның карантиндік инфекция емес екенін айтып, аурудың одан әрі таралуына жол бермеу үшін вакцинация қажет екенін атап өтті. Екпе алудан бас тартатын болса, ауру жұқтырғандар саны артатын болды.

Добавить комментарий