Петропавлда карантиндік шектеулер күшейтіледі

Петропавлда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бірқатар шаралар шектеуішін енгізу және коронавирус бойынша карантинді күшейту жоспарлануда.

Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары «Петропавл қаласы, Қызылжар ауданы аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 34 қаулыға қол қойды.

Осылайша, шектеу карантиндік іс-шараларын күшейту 2020 жылғы 9 қарашада сағат 00:00-ден бастап енгізіледі.

Петропавл қаласының, Қызылжар ауданының тұрғындарына көршілерінің, таныстарының, туыстарының, әріптестерінің сапарларын шектеу; сондай-ақ тұратын жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын (отбасы мүшелерін қоспағанда) топтың болуына шектеу қойылды.

Жерлеу рәсімдерін өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамды (негізінен отбасы мүшелерін) жиналуына жол берілмейді.

Құжатқа сәйкес, респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алу қиыншылығы, ентігу және т.б.) жедел медициналық көмекті шақыру арқылы 103 нөміріне медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Сондай-ақ жеке қорғану құралдарын (бетперделерді) пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтау қажеттігі туралы айтылады.

Осылайша, бес жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау отырып қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата бетперделерін киіп жүру міндетті болып табылады.

Бұл ретте бес жасқа дейінгі балаларды және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, медициналық немесе мата бетперделерін ашық ауада қоғамдық орындарда киіп жүру міндетті болып табылады.

Барлық тұрғындарға, әсіресе, 65 жастан асқан адамдарға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұратын жерінен сағат 22:00-ден сағат 06:00-ге дейін ешқайда шықпауы ұсынылады.

Бұдан басқа, 2020 жылғы 9 қарашада сағат 00.00-ден бастап адамдардың Петропавл, Қызылжар аудандарынан COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының жолын кесу мақсатында, соның ішінде жаяу жүру тәртібімен кіруіне және кетуіне тыйым салынады, оның ішіде:

  • халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • медициналық себептер бойынша кететін және келетін адамдарды;
  • карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдарды;
  • көлік пен табиғатты қорғау және ветеринарлық қызметке, автомобиль жолдарын жөндеуге, авариялық-құтқару қызметтеріне, санитариялық-эпидемиологиялық қызметке, маңызды тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отын мен ЖЖМ материалдарын жеткізушілермен, сондай-ақ тауарлармен барлық жүк тасымалымен айналысатын тұлғалар; облыстың экономикалық өмірін қамтамасыз ететін жабдықтар мен материалдар, растайтын құжаттарды тапсырған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін — жұмыс орнынан еркін үлгідегі, мөрмен куәландырылған анықтама);
  • жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және артқа қайтып келу жағдайда.

Жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, тұлғалардың қалған санаттарына 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, теріс нәтижесі бар (3 күн ішінде жарамды) анықтама болған жағдайда ғана кіре алады.

Периметрі бойынша бекеттер орната отырып, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы аумағының карантиндік аймағының шекарасы айқындалды;

Бұл ретте авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қол жетімділігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, Петропавл қаласы, Қызылжар ауданы аумағының карантин аймағынан кіру/шығу пункттері айқындалды.

Добавить комментарий