Петропавл ЖЭО директоры мен бас инженері қамауға алынды

Облыс прокуроры мен СҚО ДП бастығы тергеу барысын бақылауға алды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізіп жатыр.

Петропавлда жылу құбыры құлағаннан соң ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды, деп хабарлайды СҚО прокуратурасы.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 254-бабы «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша тергеліп жатыр.

21 наурызда Облыстық полиция департаменті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде көрсетілген тәртіпке сәйкес, «ЖЭО-2» ЖШС директоры, сондай-ақ аталған серіктестіктің бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі, деп хабарлайды СҚО прокуратурасы.

Облыс прокуроры мен СҚО ДП бастығы тергеу барысын бақылауға алды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері баға беріледі.

Добавить комментарий