Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тас жолында қозғалыс шектелгенін хабарлады.
Бұл Байзақ ауданы Жаңатұрмыс кентіндегі ҚР ҚМ 28349 әскери бөліміндегі жарылысқа байланысты қабылданды.
Әскери бөлім Тараз-Алматы бағыты бойынша теміржол бойының оң жағында, оңтүстік жақтан шамамен 250-300 метр қашықтықта орналасқан. Тасжол бойында «Тау Дос» және «Отырар» қызмет көрсету нысандары орналасқан.
Қазіргі уақытта қозғалыс автокөліктің барлық түрлері үшін Тараз жағынан 505 шақырым және Ақшолақ кенті жағынан 474 шақырым (Жібек жолы бұрылысы) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолы арқылы жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00-де қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылып, кейінірек Қорғаныс министрлігі алты жарылыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған комиссия ұшып шықты. Тараз қаласының ауруханасында жарақат алған 30-дан астам жатыр.
Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тараз маңындағы әскери бөлімде болған жарылыстарға байланысты бірнеше бағыт бойынша қозғалыс тоқтатылды, пойыздар тоқтап тұо, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (ҰК) АҚ баспасөз қызметі.