Облыстық балалар ауруханасында қалпына келтіру емі жүргізілетін оңалту орталығы ашылды.
Бөлімше ШЖҚ «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» базасында құрылды.
Жоба «Улыбка» жеке меншік балалар қайырымдылық қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырдылы, деп хабарлайды zakon.kz.
Бөлімшеге заманауи жабдықтардың 49 бірлігі сатып алынды. «Samruk-Kazyna» компаниялар тобы жобаны жүзеге асыруүшін 80 миллион теңгеден астам қаржы бөлді.
Бұл жоба қала сыртына шықпай-ақ қажетті медициналық көмекті алуға мүмкіндік береді. Әрбір ата-ана осындай көиекке мұқтаж баламен басқа қалаға немесе елге баруға мүмкіндігі жоқ, — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Заманауи оңалту және қалпына келтіру бөлімшесі ашылғанға дейін ауруханада емдеу көбінесе физиотерапиялық блокта жүргізілген.
Енді медициналық мекемеде тиісті базасы және барлық қажеттіліктері бар жеке бөлімше айналысатын болады.
Анықтама! Жыл сайын Петропавлдан және Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан 600-ден астам бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесінің қызметін пайдалана алады.