Петропавлда колледж студентінің қайтыс болу фактісі тіркелді. Жас жігіт өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.
«4 мамырда колледж аумағында 19 жастағы студенттің денесі табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Ведомствоның мәліметінше, сараптама тағайындалды.