Пентагон Украинаға жақында жіберілген әскери көмекті «бірегей» деп атады, Конгрестің жаңа шешімінсіз жақын арада әскери көмектің қайта жеткізілуі екіталай. 14 наурызда өткен баспасөз брифингі барысында АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх Украина Қарулы Күштерін қолдауға бағытталған соңғы көмек пакеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сингх 12 наурызда Украинаға қосымша ресурстар шұғыл қажеттілік пен және алдыңғы шептегі ахуалға байланысты бөлінгенін атап өтті. Америкалық заң шығарушы органның тікелей мақұлдауынсыз болашақта мұндай көмектің автоматты түрде қайта жіберілуі екіталай.
Жалпы құны $300 млн болатын аталған пакетте Stinger және HIMARS жүйелеріне арналған зарядтар, сондай-ақ артиллериялық снарядтар бар. Ақ үй Киевке әскери қолдауды одан әрі қаржыландыру бойынша Конгрестің жаңа шешімін күту аясында қосымша көмек көрсетілетінін жариялады.
АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан әскери көмектің соңғы пакеті Украинаға алдағы апталарда қорғаныс операцияларын қолдауға мүмкіндік беретінін айтты, алайда көмекті жалғастыру үшін қосымша қаржы қажет, оны Конгресс бекіту керек.
Сингх Украинаға ATACMS алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды жеткізу мәселесіне тоқталып, бұл мәселе бойынша жаңа ақпарат жоқ екенін көрсетті. Пентагонның ұстанымы өзгеріссіз қалды: Украинаны қолдау белгіленген рәсімдер мен мүмкіндіктер шеңберінде жалғасады, ал әскери көмек туралы кез келген жаңа шешімді АҚШ заң шығарушы органдары мақұлдауы керек.