Жұма күні Пентагон Украинаға миллиард доллардан астам сомаға әскери көмектің жаңа пакетін жариялайды.
Алдағы хабарландыру туралы ақпаратты Bloomberg басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады.
Көмек пакеті туралы егжей-тегжейлі мәліметте осы бастама аясында бөлінген қаражат Hawk ұшыру қондырғылары мен зымырандарын, сондай-ақ Patriot зениттік-зымыран кешеніне арналған GEM-T және PAC-3 зымырандарын сатып алу үшін жұмсалатыны айтылған..
Басылымның мәліметі бойынша, жаңа көмек пакеті туралы хабарландыру әскери сарапшылар Украинаның көптен күткен қарымта шабуылы басталды деп жариялауымен тұспа-тұс келді.