Жапония Ресейге қарсы санкция салу мәселесін қарастырып жатқан жоқ

Жапония билігі Украинаның төңірегіндегі жағдайға байланысты әзірге Ресейге қарсы санкция салуға әзірге дайын емес екенін хабарлады.

Бұл ретте елде әзірге мұндай шараның нақты мазмұнын айтуға дайын емес, деп мәлімдеді министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно.

Жапония үкіметі Украина аумағында әскери қақтығыс болған жағдайда Ресейге қарсы санкция салу мәселесін АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық орната отырып шешетін болады, алайда әзірге мұндай шараның нақты мазмұнын айтуға дайын емес. Бұл туралы дүйсенбі күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно мәлімдеді.

«Біз қандай қатаң шешім қабылдау кезінде АҚШ-пен өз ұстанымымызды тығыз үйлестіретін боламыз, — деді Мацуно санкция мәселесіне тоқталып. — Алайда, әзірге мұндай шараның нақты мазмұнын талқылауға асықпаймыз».

Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида бұған дейін Тоқионың Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Үлкен жетіліктің ортақ саясаты аясында әрекет ететінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Соңғы уақытта батыс елдерінде, сондай-ақ Киевте Ресей Украина аумағына басып кіруі мүмкін деген болжам айтылып келеді. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай ақпаратты шиеленісті қоздыруға бағытталған негізсіз деп атады. Ол Ресей ешкімге қауіп төндірмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Песков Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты күшпен шешетін болса салдары ауыр болатынын ескертті

Добавить комментарий