Павлодарда ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жолдар жабылды

Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдар барлық бағыттары бойынша шектеу енгізілді.

«3 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап көктайғақ пен боранға байланысты Павлодар облысының автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», — деп хабарлады аймақ ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Ахметов.

Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан — Павлодар автожолының 16-200-ші шақырымында (Нұр-Сұлтан — Ерейментау — Шідерті қаласы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Павлодар облысының ТЖ департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларынан қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ТЖ-ға тап болған жағдайда 112 және 101 нөмірлері бойынша дереу хабарласуын сұрайды.

Аймақ тұрғындары мен полицейлерден алыс сапарға шықпауды сұрайды.

Полицейлер қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне 102 нөмірі бойынша немесе Police 102 мобильдік қосымшасы арқылы бейне – және аудиоқоңыраулар арқылы жүгіне алады деп атап өтті.

Добавить комментарий