Черногория РФ-ға қарсы санкцияларға қосылады

Черногория билігі Ресейге қарсы санкциялар топтамасына қосылу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Үкіметтің саяси жүйесі жөніндегі комиссия бұған дейін Ресейге қарсы санкцияларға қосылуды жақтады, алайда министрлер кабинеті бұл шешімді бірнеше мәрте мақұлдай алмаған

Черногория үкіметі жұма күні өткен отырыста Ресейге қарсы санкциялар топтамасына қосылуды мақұлдады. Бұл туралы вице-премьер міндетін атқарушы Дритан Абазович Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Ресейге қарсы шектеулер топтамасы қабылданды! Атсалысқан барлық министрлерге рахмет», — деп жазды Абазович.

Бұған дейін Черногория үкіметінің саяси жүйесі жөніндегі комиссиясы елдің Ресейге қарсы санкцияларға қосылуын жақтаған болатын, алайда министрлер кабинеті бұл шешімді бірнеше мәрте мақұлдай алмады. Үкімет Черногорияның Ресейге қарсы санкциялар топтамасына қосылатынын кім шешетініні туралы келісе алмады: сыртқы істер министрлігі немесе премьер-министр.

Бейсенбі күні Черногория СІМ төрт ресейлік дипломатты персона нон грата деп жариялады. Олар жеті күн ішінде елден кету керек.

Добавить комментарий