2023 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар қаласының № 2 соты А.С. және Б.Н.-ға қатысты пара алу (ҚК 366-б. 2-б., 366-б. 3-б. 4) т.), А.Е.-ге қатысты пара беру (ҚК 367-б. 2-б.), сондай-ақ Д.Б.-ға қатысты парақорлыққа делдал болу, құқық беретін көрінеу жалған құжатты қолдан жасау және пайдалану, бірнеше рет пара беру және пара беруге оқталу фактілері (ҚК 368-б. 1-б., 385-б. 1-б., 24-б. 3-б.- 367-б. 3-б. 3) т., 367-б. 3-б. 3) т.) бойынша қылмыстық істі қарады.
А.С. Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы бола отырып, оның өкілеттігіне кірген әрекеттері, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін 2023 жылғы наурызда делдал Д.Б. арқылы, кәсіпкер А.Е.-ден 200 000 теңге сомасында пара алды.
Д.Б. кейіннен жер комиссиясына беру үшін көрінеу жалған құжат дайындады, делдал ретінде лауазымды тұлға А.С.-қа 2023 жылғы наурызда 200 000 теңге сомасында ақша қаражатын берді. Д.Б. 2023 жылғы шілдеде ұсынылған құжаттар бойынша мәселені жағымды шешу үшін Павлодар қаласы әкімінің көмекшісі болған лауазымды тұлға Б.Н.-ға 200 000 теңге сомасында пара берді. 2023 жылдың тамызында Б.Н. процесті жеделдету және оның өкілеттігіне кіретін іс-әрекеттерді жағымды шешу және жалпы қамқорлығы үшін азамат Д.Б.-дан 150 000 теңге сомасында пара алды.