Дәрігерлер жұмыс кезінде үш метр биіктіктен құлап кеткен жұмысшының жағдайы қандай екенін айтты.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қараша күні сағат 15:00-де ЖШС аумағында 39 жастағы бетоншы құрылыс жұмыстары кезінде үш метр биіктіктен құлап кеткен.
«Салдарынан жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шеккен адам Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді.
«Науқастың жағдайы өте ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», — делінген ҚДБ хабарламасында.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі.