26 қазанда полиция қызметкерлері Дағыстан Республикасында танымал автоблогер Гаджи Гаджиевті жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ұстады. Блогер бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.
Дағыстан ІІМ баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жарияланған ресми хабарламада: «Бұрын көлікті жүргізу құқығынан айырылған танымал автоблогер аудиториясының көңілін көтеру үшін өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, жол жүру ережесі мен заңнамаы бұзуды жалғастырды», — делінген.
Полиция сонымен блогер өз әрекетінің салдары туралы тек соңғы сәтте, басқа жол қозғалысына қатысушыларына қауіп төндірген кезде ғана ойлағанын атап өтті.
Ұстау нәтижелері бойынша Гаджи Гаджиевке қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды, соның ішінде қарсы жолаққа шығу жол қозғалысы ережесін бұзу, айыппұлдарды төлемеу, нөмірі жоқ көлікті тізгіндеу, сондай-ақ Жол қозғалысы ережесін бұзу және жол жүру куәлігінсіз көлік басқару туралы хаттама толтырды. Блогер өз әрекеттері үшін заңға сәйкес жауап беруі тиіс.