Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылмады.
«26 қаңтарда Павлодар қаласының №2 соты сотталған Болат Бақауовтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады. 2020 жылғы 19 желтоқсандағы заң талаптар негізінде ҚК-нің 72-бабының 8-бөлігіне өзгерістер енгізілді, онда 3) тармақта ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату тыйым салынған. Сот Бақауовтың өтінішін қанағаттандырмады», — деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар қаласының №2 соты .
Еске сала кетейік, 2020 жылың 16 қаңтарда Павлодар облысының әкімі болған Болат Бақауов ұсталып, УҰИ-ге тоғытылды, 27 мамырда ол жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, алайда бостандықта қалды. Атап айтқанда, сот Бақауовты ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танып, оған үш жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін пробациялық бақылауға алынды және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.