Алматы облысында 15 жасар қыз қорада төсек жаймасына асылып қалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қыздың жақындары марқұмның өз-өзіне қол жұмсауға әлдекімдер итермелегеніне сенімді, оның жасөспірімдерге әр түрлі тапсырма беретін, соның ішінде суицид жасауға жетелейтін интернет-топта болғанын айтады.
«Мен дәретханаға бара жатқам — қоршалған жерге. Ол жер ашық болған. Мен дәретханаға бара жатып, байқап қалдым: ол төсек жаймасына асылып қалған екен. Қорқынышты! Балам оқуда үздік болған… Төрт жасынан бастап мақтау қағазын алып келеді — балабақшадан.
Ол «Әнші балапан» байқауында өнер көрсеткен. Өмірге құштар бала еді», — деді қыздың анасы Бақытты Айтмұратова.
Қайғылы оқиға Жапек батыр ауылында болды.
Диананың осындай қадамға баруына ешқандай себеп болған жоқ, дейді туыстары.
Қыз мейірімді әрі ашық-жарқын болған. Жақындары оқушы қыздың күнделігінен күдікті жазбалар тапты. Күнделікте «саған ұнайтын 100 нәрсе» ойыны туралы жазылған.
Қыздың анасының пікірінше, балалардың басын айналдырып суицидке жетелейтін интернет-топтың қатысы бар. Полицейлер «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған баланың өлім себебі тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясы болды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.