Ашық дереккөздерден Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 қауіпсіздігі барынша жоғары колониясында ТЖ болғаны белгілі болды.
Кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталған тұтқын жанжал барысында басқа қамаудағы адамға өмірімен үйлеспейтін қасақана дене жарақатын салған.
Павлодар облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай: ер адамдардың арасында жанжал туындаған.
«8 мамыр күні кешке мекеменің санитарлық торабының ғимаратында кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы сотталған жанжал нәтижесінде басқа қамаудағы адамға өмірімен үйлеспейтін қасақана дене жарақатын салған. Жарақат алған сотталушы 9 мамырда өз жатын орнында қайтыс болды. Шұғыл шақырылған жедел жәрдем бригадасы сотталушының қайтыс болғанын анықтады», — деп хабарлады ведомстводан.
Ақпарат бойынша, 41 жастағы зардап шеккен азамат медициналық көмекке және мекеме әкімшілігіне шағым және өтініштермен жүгінбеген. Ол кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталған. Павлодар облысындағы колонияға жақында келген.
«Аталған факті бойынша материалдар жиналып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиға тергеу-жедел тобы, прокуратура, өзіндік қауіпсіздік қызметі және ҚАЖ департаментінің өкілдері келді. Сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссиясының қатысушылары шақырылды», — деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖК баспасөз қызметі.