Алматы: Заңсыз сақталған қаруды іздестіру операциясы жүріп жатыр

Алматыда құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау бойынша операция жүргізіп жатыр.

Алматыда полицейлер заңсыз сақталған қаруды анықтау және тәркілеу мақсатында «Қару» операциясы өткізіп жатыр.

7 ақпаннан бастап ерекше өкімге дейін Алматыда “Қару” іс-шара өтуде.

«Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар мегаполисте қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер етеді. Алматы полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды. “Қару” жедел алдын алу іс-шаралары тіркелмеген қарудың максималды санын заңсыз айналымнан шығаруға мүмкіндік береді», — деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, полиция іс-шара аясында азаматтық қарудың жеке иелерін қару сақталған ғимараттарда қауіпсіздік жүйесінің бар-жоғы мен қолданылуына тексерілетінін айтты.

«Алматы полициясы қаруды қабылдау науқанын өткізіп жатқанын еске саламыз. Заңсыз қаруы бар азаматтарға, оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, қару мен оқ-дәрiлердi тапсырған адамдар, егер олардың қандай да бiр қылмысқа қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырмаған азаматтар табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», — деп атап өтті Таймерденов.

Добавить комментарий