Kazpravda.kz хабарлауынша, Павлодардағы «Яблонька» саяжай алабының аумағында өрт шықты, бұл туралы Павлодар облысы ТЖД 1 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:19-да хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіру үшін 33 қызметкер мен 7 техника жіберілді.
Шақыру орнына келгеннен кейін өрт сөндірушілер саяжай учаскесі мен 6 гектар аумақтағы жерде құрғақ шөп өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалын сағат 16: 50-де оқшауланды.
Өрт сөндіру үшін Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары — 7 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында сумен жабдықтау ұйымдастырылды, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.