Өзбекстан Ауғанстан билігімен диалог алаңын кеңейтеді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Ауғанстанмен диалог алаңын кеңейту қажет екенін мәлімдеді, себебі елде бейбітшілік орнаса ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктік туады.

«Егер үйлестірілген пәрменді шаралар қабылдамасақ, Ауғанстан ұзақ уақыт бойы жаңа сын-қатерлер мен аймақтық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ошағы болып қала береді. Елде тез арада бейбітшілік пен тұрақтылық орнаса, оған даму жолында, сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызы бар ірі экономикалық, энергетикалық жобаларды іске асыру үшін жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашады», — деп атап өтті ол.

Мирзиёев Еуразия мен Оңтүстік Азия, Шығыс және Батыс Азия арасындағы табиғи жер үсті көпірі Ауғанстанның тиімді географиялық орналасуы оның трансөңірлік өзара байланысты ілгерілетудегі маңызды мәнін айқындайтынына назар аударды.

«Ауғанстанның экономикасы қалпына келсе, елде тұрақтылық және ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауын қамтамасыз ететіні сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, менің ойымша, жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін жаңа билікпен диалог алаңын дамыту, Ауғанстан халқына әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру қажет. Бұл елдегі ауқымды гуманитарлық дағдарысқа, оның халықаралық оқшаулануына жол бермеу өте маңызды», — деп баса айтты ол.

Добавить комментарий