Павлодар: белгісіз біреу тұрғын үйде бомба қойылғанын хабарлады

Павлодарда белгісіз ер адам телефон арқылы Торайғыров көшесіндегі №65 тұрғын үйде бомба қойылды деп мәлімдеді.

Оқиға орнына дереу барлық жедел әрекет ету күштері жіберілді. Азаматтарды эвакуациялау басталды. Үйден барлығы 75 адам шығарылды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Үйде саперлермен жүргізілген тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету мамандары жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий