Алматы облысында үш адам батпаққа батып кетті

Ашық ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында бір үйден үш адам батпаққа батып кетті. Олардың денесі аударылып кеткен көліктің ішінен табылды.

Олардың ұшты-күйлі жоғалғаны туралы ақпарат Instagram-пабликтерде жарияланған болатын.

14 қарашада мемлекеттік нөмірі 167 KSY 05 Skoda Superb автокөлігімен үш адам жоғалып кетті. Олар Алматыдан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Сағат 19:00-де Талдықорған аркасынан өткеннен кейін байланысқа шықпады, — делінген желіде жаорияланған суреттің астында.

Артынан көліктің батпақтан табылғаны туралы ақпарат пайда болды.

«Көлік Үштөбеге барар тас жолда батпақты тоғаннан табылды. Көлік аударылған күйде су тоғанынан табылды», — делінген хабарламада.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай: “15 қарашада Талдықорған ПБ-ға Қаратал ауданының 27 жастағы тұрғынынан 14 қараша күні сағат 17:00 шамасында Skoda Superb маркалы көлігімен шығып, ата-анасы мен қарындасы жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Сол күні полиция қызметкерлері Талдықорған — Үштөбе автожолы бойында Skoda Superb көлігін аударылған күйде тапты.

Алдын ала болжам бойынша, 60 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, соның салдарынан көлік аударылған».

ЖКО салдарынан жүргізуші мен оның 47 және 19 жастағы жолаушылары оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий