Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», — делінген өкімде.
30 маусымда ҚР Парламенті депутаттары демалысқа кеткен болатын.