Пара беруге итермелеу: Іс сотқа жолданды

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеуші сотқа тартылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды, іс сотқа жолданды. Бұл туралы «Антикор» баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы миллион доллар сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда.

Сонымен қатар, ведомство өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Добавить комментарий