Лиз Трасс мемлекеттік бюджетті талан-таражға салды деп күдікке ілінді

Ұлыбританияда премьер-министр тағы да даудың ортасында қалды. Лиз Трасс мемлекеттік бюджетті талан-таражға салды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Лейбористік партияның депутаты Эмили Торнберри өз хатында жазды

Хатта 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың шілдесіне дейін Трасс басқарған британдық сыртқы істер министрлігінің шығыны 45 пайызға өскені жазылған, деп хабарлады Daily Mail басылымы.

Атап айтқанда, Торнберри екі күмәнді шығынға қызығушылық танытты, оның біреуі шаштаразға екі рет барғаны үшін 4333 фунт стерлинг (екі миллион теңгеден астам), ал екіншісі — 1800 фунт стерлинг (900 мың теңгеден астам), «Норвич Сити» клубтық дүкенінде жұмсалды. Айта кетейік, Трасс англиялық «Норвич» клубының жанкүйері.

Министрлік ведомствоның шығындары туралы мәліметтер үкіметтік веб-сайтта үнемі жарияланып отыратынын және олар Торнберри хатына белгіленген тәртіппен ресми түрде жауап беретінін айтты.

Естеріңізге салайық, Лиз Трасс 5 қыркүйекте Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі және Консервативтік партияның басшысы болып сайланды.

Добавить комментарий