Қостанай облысында карантин кезінде діни мекемелердің жұмысына рұқсат етілді.
Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері карантиндік шараларды жеңілдету туралы қаулыға қол қойды.
Осылайша, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздары мен «ауыз ашар», сондай-ақ Пасха мерекесін мерекелеу кезеңінде салтанатты құдайға құлшылық ету мен іс-шаралар өткізбей, жеке, бір адамға кемінде 4 ш. м. есебінен рұқсат беріледі және онда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тыйым салынады.
Осы қаулы 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.