Алматыға «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы жеткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда халықты ерікті вакцинациялау науқаны басталады, бірінші кезеңде «Спутник V» осы мақсатта қолданылады.

Келгеннен кейін препараттың партиясы қоймаларға, соның ішінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жіберілді.

1 ақпан күні таңертең вакцина қаланың сегіз ауданындағы ауруханаларға таратылады. Салқындатылған жүк көлігіндегі препарат, хаттамада көрсетілген тасымалдау шараларын сақтай отырып -18 С температураға төзетін мұз пакеттері бар контейнерлерде, №7 ҚКА-ның қоймасына жеткізілді. Вакциналар вакцинация шеңберінде белгіленген медициналық ұйымдар арасында бөлінді.

Алматыда екпе егу пункттерінің дайындығы тексеріліп, профилактикалық егулерді жүргізу бойынша стандартты жұмыс тәртібі бекітілді. Барлығы 40 БМСК анықталды. Иммундау курсынан Алматы ҚДБ 144 медициналық маманы өтеді.

Иммундау жүргізілетін әрбір емханада салқындату жабдығы бар вакциналауға арналған жеке кабинет бар. Кабинеттерде дәрігер, вакцинатор-медбике және тіркеуші-медбике жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеке кабинет қарастырылған, онда вакцина алғандар 30 минут бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

Бірінші кезеңде, ақпан айында жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел жәрдемнің, жа сақтау бөлімінің, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакциналана алады.

Добавить комментарий