Жұқа мұз көліктің салмағына ұстай алмай, ойылып түсті. Жүргізушінің ұлдары әкесінің өліміне куә болды.
Бұл жайт 22 қараша күні Меңдіқара ауданында орын алды. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 72 жастағы ер адам екі ұлы және туысымен бірге Обаған өзеніне балық аулауға кеткен.
«Сағат 21:20-да «112» пунктіне 1949 жылы туған азамат жеңіл көлікпен өзеннен кесіп өтуге болып суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 23 қараша күні таңғы сағат 09:00-де құтқарушылар оқиға орнына жетті. Ұлдары торыны тексеруге кеткенін айтты. Олардың әкесі машиналарды күзетіп қалған. Мотордың даусын естіген соң, ағасы екеуі әкесінің машинамен жұқа мұздің үстімен жүріп өткенін көрді. Олар артынан жүгіріп, айқайлап, сигнал бергендерін айтады. Содан кейін мұз ойылып кетіп, автокөлік батып кетті. Ұлдары әкесін құтқармақ болып артынан мұздың астына түскен, бірақ оны шығара алмады», — деп хабарлады ТЖД.
Таңғы сағат 10:00-де сүңгуірлер мұз астынан мәйітті алып шықты.