Атырау облысында мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды

Атырау облысыда шекара маңында мерзімді қызметтегі сарбаз қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Нұрбек Ерғалиев Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызмет атқару кезінде қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды.

Әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның отбасына қажетті көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Добавить комментарий