Қостанай облысы: аю бес жасар қызға шапты

Қостанай облысындағы демалыс базасында бес жасар қызды аю тістеп алды.

Жіліншігі тістелген бала ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері мен зардап шеккен қыздың туыстары жариялады. Олардың айтуынша, 5 қыркүйекте «Радуга» демалыс базасында бес жасар қызы бар әйел аюдың торына жақындаған. Жыртқыш аң басында өзін жақсы ұстаған. Алайда, кейін қыз торға жалғыз барған, сол сәтте жыртқыш баланы тістеп алған, оны ата-анасы мен демалушылар құтқарып алған.

Қостанай облысының полиция департаменті болған оқиғаны растады. Аталған фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 114-бабы «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бап санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 20 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді. Бастапқы тергеу амалдары жүргізілді.

Демалыс базасына келушілер аю қазіргі уақытта «Радуга» аумағында торда екенін хабарлап жатыр, оның жанында ескерту мақсатында сақтық шараларын сақтау керектігі туралы тақтайшалар қойылған.

Екі жыл бұрын жергілікті БАҚ-та аю оқиғасы туралы хабарлаған болатын. Демалыс орталығының иесі жануарды бұрынғы иелерінен алған.

«Радуга» демалыс орнының иесі Александр Панин журналистерге байланыс хайуанаттар паркін салуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұған жануарларды қорғаушылардың шағымдары себеп болды.

Добавить комментарий