Қостанай: әкім ТКШ басшысын жұмыстан шығарды

Қостанай әкімдігінде қала басшысының ұсынысымен Әдеп жөніндегі кеңес ТКШ бөлімнің бастығын жұмыстан босатты.

Бұл туралы қала әкімінің аппараты хабарлады.

«Қостанай әкімі Науырзбай Мусинді жұмыстан босатты. Сонымен қатар, ол еңбек заңнамасын бұзғанына байланысты жұмыстан шығарылды», — деді қала әкімі аппаратының басшысы Вера Клочко.

Аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басылымға бұрынғы шенеуніктіі назара іліккенін хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді», — деп қысқаша қайырды ведомства өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әдеп жөніндегі кеңес ТКШ бөлімінің басшысы Науырзбай Мусинге қатысты тәртіптік істі қараған болатын. Отырыста прокурор Ерлан Басмырзин сөз сөйледі.

Оның пікірінше, шенеунік заңсыз үстемдік жасап, мердігерлерді қамқорлығына алған. ТКШ бөлімінің басшысы жіберген бұзушылықтар егжей-тегжейлі баяндалды. Нәтижесінде мемлекеттік қызметшіні қызметінен босату ұсынылды.

Добавить комментарий