Автокөлік нөмірін қолдан жасаудан міндетті қорғау бойынша стандарт қабылданды

«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілді. Онда нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған», — делінген «ҚазСтандарт» хабарламасында.

Стандартты ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті.

«Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді», — делінген хабарламада.

Қосымша қорғаныш элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC кодтарын салу да жатқызылды.

«Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс», — деп атап өтті «ҚазСтандарт» өкілдері.

Бұдан басқа, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайды.

Добавить комментарий