Қазақстандық полицейлер Орал қаласындағы түнгі клуб маңында өз арасында төбелескен ресейліктерді ұстады.
«Оралда ҚР заңнамасын бұзған шетелдіктер сот шешімімен елден шығарылды. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.