Бүгін Оралда ірі жол апаты болды, соның салдарынан бір әйел қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне жеткізілді.
Кейін анықталғандай, 23 жастағы жүргізуші мас күйінде болған.Ол жоғары жылдамдықпен тұрған көліктерді соғып кеткен.
Полиция жол апаты 25 қазан күні таңғы сағат төрт шамасында Орал қаласының төртінші шағын ауданында болғанын хабарлады. ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі «Москвичи» ЖҚС жанындағы тұрақта тұрған Volkswagen Golf-ты қағып кетті. Содан кейін көлік ГАЗельге соғылған. Оқиға болған жерге бірнеше жедел жәрдем бригадасы келді.
«36 жастағы зардап шеккендердің бірі ЖКО орнында көз жұмды. Көліктегі 30 жастағы жолаушының миы зақымданды және бұғанасы сынды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Мас күйінде болған тағы бір жәбірленушінің кеуде қуысы зақымданған және жіліншігі сынған, ол ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші де мас күйінде көлік жүргізген. Оған ми жарақаты мен иықтың сынуы диагнозы қойылды, — деп атап өтті БҚО Денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция жол-патрульдік қызмет инспекторлары оқиға орнында хаттама жасағанын мәлімдеді. Қылмыстық кодекстің 3-бабы 345-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.