Риддер: Полиция қызметкері құқық қорғау органдарының қызметкерін зорлағаны үшін ұсталды

Риддерде қол астындағы әйелді зорлады деген күдікпен қалалық полиция басшысы жұмыстан босатылды.

ШҚО-да Риддер қаласы полиция бөлімінің қызметкері әйелді зорлады деген күдікке ілінді.

Аймақтық ПД басшысы Сағат Мәдиев қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 120-бабы «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Риддер ПБ қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде ол ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде УҰИ-ге қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жариялануға жатпайды», — деді ол.

Ер адам жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, оның тікелей басшыларына қатысты қалалық полиция бөлімінің бастығына дейін атқарып отырған қызметінен босату туралы шешім қабылданды, деп қосты ПД басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері ішкі істер органдарының қызметінде баса назарға алынады.

«Біз өз қатарымыздан тәртіпсіз қызметкерлерден тазарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің ұстанымымыз принципиалды, кез келген заңбұзушылықтың жолы кесіледі, кінәлі адамдарға жұмыстан шығаруға дейін ең қатаң тәртіптік жаза қолданылады», — деп атап өтті Сағат Мәдиев.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жұмыстан босатылған полиция қызметкері Риддердегі уақытша ұстау изоляторының бастығы қызметін атқарады деген ақпарат тараған болатын.

Добавить комментарий