2024 жылғы 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласында Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайы бойынша орналасқан Rizyq кафесінде газ жарылды. Салдарынан екі қабатты ғимарат қирады. Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметі бойынша, өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 02:07-де келіп түсті, бірінші бөлімше оқиға орнына сағат 02:17-де келді.
Алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 ш. м. аумағы қирап, 25 ш. м. аумақта өрт орын алған. Өрт сағат 02:40-та сөндірілді, қазіргі уақытта үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев оқиға орнына келді. Облыс әкімдігі зардап шеккендердің барын растады және оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде ғимараттың 110 ш. м. аумағы қирап, 25 ш. м. аумақта өрт орын алғанын хабарлады», — деп хабарлады азаматтық қорғау органы.