
Канада билігі санкцияға ұшыраған ресейліктердің тізімін кеңейтті. Тізімге тағы 14 адам енгізілді, оның ішінде Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина да бар.
Бизнесмен Михаил Фридман мен Петр Авен де санкциялық тізімге енді. Бұл туралы сейсенбі күні Канада үкіметінің сайтында жарияланған Украинадағы жағдайға байланысты Мәскеуге қатысты Канаданың санкциялық құжатында айтылған.
Санкциялық тізімге енгендердің Канададағы ықтимал активтері бұғатталады және елге кіруге тыйым салынады.