Оралда жол үстінде дау шығып, нәтижесінде автобус жүргізушісіне бұрыш газын шашқан.
Жол үстінде шыққан даудың салдарынан автобус жүргізушісі соққыға жығылып, оған бұрышты газ баллонын шашқан.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай: «10 шілде күні сағат 14: 30-да 1975 жылы туған М. есімді азамат Әбілқайырхан даңғылының бойындағы аялдаманың маңында бұзақылық ниетпен 1972 жылы туған автобус жүргізушісі Е. есімді азаматқа бұрышты газ баллонын шашып, дене жарақатын салды», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Дәрігерлерді тексеріп қарағаннан кейін жүргізуші үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Мой ГОРОД» басылымына сұхбат берген куәгердің айтуынша, сағат 14:00 шамасында Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі №8 маршруттық автобусты автобус аялдамасынан өткізбей тұрған.
«Сол арада екеуі сөзге келіп қалады. «Ларгус» көлігінің жүргізушісі автобус жүргізушісіне бұрышты газ баллонын шашып жіберді, салдарынан алдыңғы орындықта отырған тағы екі қыз зардап шекті», — деді ер адам.
Автобус жүргізушісіне бірінші дәрежелі химиялық күйік диагнозы қойылды.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 16 жастағы екі қыз бен 7 жастағы бала балалар ауруханасына жеткізілді. Қарап тексеруден кейін олар амбулаториялық бақылауға жіберілді.
ҚР ҚК-ның 293-бабы 1-бөлігінің санкциясы (бұзақылық) 5 834 000 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.