Алматы облысындағы көшкін жүру және тас құлай қаупіне байланысты Есік көлі мен Обсерватория автожолдары жабылды

Сәуір айының басынан бастап Алматы облысында көшкін мен тас құлау қаупіне байланысты Есік көлі мен Обсерваторияға баратын автожолдар жабылды. 01-20 сәуір аралығында облыстық маңызы бар «Түрген- Обсерватория» және «Есік — Есік көлі» автожолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

«Қазақпарат» ХАА тілшісі хабарлағандай, Алматы облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Түрген-Обсерватория» 20-41 шақырым және «Есік — Есік көлі» 7-15 шақырым жол учаскелерінде қозғалыстың жабылғанын жариялады.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Добавить комментарий