Оралда полиция сержанты қызмет бабын атқару кезінде табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтірді.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсан сағат 07:40-та болды.
Марқұм болған сержант 2001 жылы дүниеге келген, БҚО тумасы, ішкі істер органдарында 2021 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеген, ал 2021 жылдың тамыз айында қызметке алынды.
2019 жылдың маусымы мен 2020 жылдың маусымы аралығында Қазақстан Қарулы Күштерінде жедел қызмет атқарды.
Атқарып отырған қызметі барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен, физикалық тұрғыдан дайын болған. Жұмыс кестесін сақтаған, жұмысқа кешікпеген. Қызметі кезінде оған жаза қолданылмаған. Аталған факті СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды, бұл туралы қосымша хабарланатын болады, — БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.