ШҚО-да алаяқ емшілер зейнеткерлерді алдап ақша алған

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері зейнеткерлерді ерекше қабілеттеріне сендіріп, ақшалары мен зергерлік бұйымдарын алдап алған алаяқтарды ұстады.

Екі әйел зейнеткерлердің үйіне келіп, көз тию салдарынан өршіп кеткен аурулардан құтқаруға уәде берген.

Қарттар алданып, қыруар ақша берген.

Осылайша, тамыз айының соңында Бесқарағай ауданының полициясына 70 жастағы зейнеткер өзін алдағаны туралы айтып жүгінген. Әйелдің айтуынша, түске таман үйіне үйді сатып алу сылтауымен белгісіз екі әйел келген.

Әңгіме барысында жалған сатып алушылар «көз тиюді көретіндерін» және оны қазір алып тастай алатындарын түсіндірді, алайда бұл үшін оларға бірнеше әдет-ғұрып қажет. Аңқау зейнеткер салт-дәстүр үшін «уақытша» келісіп бейтаныс адамдарға өзінің алтын әшекейлері мен ақшалай қаражатын берді. Емшілердің көз алдында асыл заттарды ұқыпты орап, салт-дәстүр өткізіп, пакетті зейнеткерге тапсырады. Бұл ретте оны бір тәулік өткеннен кейін ашу керектігін ескертті. Кейін ішінен ешқандай әшекейлерін таппай, полицияға жүгінгенін болжау қиын емес. Ол шамамен 300 мың теңгені жоғалтты.

Осыған ұқсас схема бойынша Ұлан ауданының 81 жастағы зейнеткерінен 1,5 млн теңгеден астам көлемде ақша алдап алған.

Тәртіп сақшылары алаяқтардың жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтау бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Жедел уәкіл қызметкерлері Семейде күдіктілерді анықтап, ұстады, олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. 32 және 52 жастағы екі әйел және олардың 36 жастағы сыбайласы алаяқтық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді ШҚО ДП бастығы Сағат Мәдиев.

Осы факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша «Алаяқтық» деген 1-бөліктің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Добавить комментарий