Орал әкімі жаңа тергеу изоляторының ғимаратында құрылысты аяқтауды жоспарлап отырған жоқ

Оралдағы құрылысы аяқталмаған Тергеу изоляторының ғимаратын бизнеске беру жоспарлануда.

Нысан инвесторға жеңілдікті шарттармен беріледі, деп жазады Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Ысқалиев Facebook-тегі парақшасында парақшасында.

Ғимараттың ауданы 35 000 шаршы метрді құрайды.

Аймақ басшысы хабарлағандай, ғимараттың құрылысы 2013 жылы басталды, бүгінде нысан 90%-ға дайын. Ғимараттың баланстық құны шамамен 5,2 млрд теңгені құрайды.

«Жер телімінің жалпы ауданы 11,8 га; ғимараттардың жалпы ауданы 34 931,4 м2 құрайды. Осы аумақта әкімшілік ғимараты, жатақханалар, спорт залы, гараждар, күзет бөлмелері, шеберханалар, көкөніс қоймасы, асхана, қазандық және т.б. нысандар орналасқан. Инфрақұрылым 90%-ға аяқталған», — деп жазды Ғали Есқалиев.

Оның айтуынша, БҚО әкімдігі Біз аталған нысанды кез келген бағыттағы бизнеске беруге дайын. Әсіресе әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдаймыз (медициналық орталық, шағын бизнес үшін инкубатор, жастар қалашығы және т.б.).

«Нысан инвесторға жеңілдікті шарттармен, яғни, төлем мерзімін ұзарту арқылы және ұлттық валютамен беріледі. Сондай-ақ, біз мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ұсыныстарды да қарастыруға дайынбыз. Ол жағдайда нысанның сомасы инвестор тарапынан өтелмей, инвестордың жобасындағы мемлекеттің үлес шотына түседі. Сонымен қатар мемлекет жобалық қызметтерді тұтынушы ретінде қолдай алады (медициналық қызметтер, білім беру қызметтерін жан басына шаққандағы қаржыландыру және т.б.)», — деп хабарлады Ғали Есқалиев.

Өңір әкімі жоғарыдағы ұсынысқа қызығушылық білдірген кәсіпкерлерге өз жеке WhatsApp нөміріне өз ұсыныстарын жолдауды сұрайды.

Добавить комментарий