Саясаттанушылар 14 қаңтарда Днепрге жасалған зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/01/speech-47234-1674933620-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украиналық басылымдар 14 қаңтарда РФ-ның Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына жаппай зымыран шабуылы кезінде Днепрдегі көп қабатты тұрғын үйге снаряд түскенін хабарлады.

«Үйінділер бірнеше күн тазаланды, құтқарушылар зардап шеккендердің көбісіне көмектесе алмай қалды. Аталған зымыран шабуылы кең резонанс тудырды. Біріншіден, РФ мереке күні шабуыл жасады. Бұл күні бірнеше атаулы мерекелер атап өтіледі: Ескі Жаңа жыл, шіркеу мерекесі және Ұлы Василийді еске алу күні. Екіншіден, шабуыл теңіздегі әуе тасымалдаушы топтарын жоюға арналған Х-22 зымыранымен жасалған. Үшіншіден, ең басты мәселе — бұл террористік мемлекеттің құрбаны болған бейбіт украин азаматтарының саны. Нақты ақпарат бойынша, ресейлік зымыран 46 адамның, оның ішінде 6 баланың өмірін қиған. Сондай-ақ, 80 адам жарақат алғаны хабарланды», — деп мәлімдейді әскери сарапшылар.

Сарапшылар көптеген адамдарың өмірін қиған Днепрдегі зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді

Әрине, Ресейде және Украинада көптеген адамдардың соғысқа қатысты көзқарасы өзгерді. Днепрден соғыс қимылдары жүріп жатқан жерден арақашықтығы шамамен 100 шақырым. Тұрғын үйге зымыранның түсуі Ресей әскерінің Украинаның қай қаласында болмасын шабуыл жасауға дайын екенін көрсетеді», — деп мәлімдейді саясаттанушылар.

Олар Украинаның көптеген қалалары ресейлік зымыран мен артиллерия соққысының астында қалғанын да айтып отыр. Мысал ретінде Херсон және Херсон облыстарында артиллерия, ДАРЖ, минометтер мен танктер пайдаланылып жатқанын келтірілді.

Сарапшылар көптеген адамдарың өмірін қиған Днепрдегі зымыран шабуылына қатысты пікір білдірді

«Кейбір облыстар жаппай және ұзаққа созылған атқылауға ұшырады. Мәселен, Сумы облысы бойынша тәулік ішінде 100-ге жуық шабуыл жасалады. Тек бір тәулік ішінде ғана РФ әскері бірнеше облысты атқылады, азаматтар қаза тауып, қалалық инфрақұрылымға соққы жасалуда. Айта кетерлігі, күн сайын Украинаның барлық аумағында бірнеше сағат бойы РФ тарапынан зымыран шабуылдары жасалуы мүмкін деген әуе дабылы қағылады. Жоғарыда келтірілген мысалдар соғысты қолдайтын азаматтар мен РФ әскері Украина халқын нацистік Киев режимінен құтқарып жатыр деп есептейтін адамдардың ойын өзгертуі тиіс», — деп жазады саясаттанушылар.

Батыстық одақтастардың Украинаға танктерді қоса алғанда, ауыр қару-жарақты беру мәселесін талқылауы кезінде, Днепрдегі тұрғын үйге зымыран түсті.

Добавить комментарий