Қорғалжын тас жолында жол апаты болды: Көлік аударылып қалды

«10 сәуір күні сағат 09:48 шамасында Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөліктің жүргізушісі Қорғалжын тас жолы бойымен келе жатып, басқа жолаққа ауысы кезінде көлікке жол бермей Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан көлік аударылып қалды», — деп хабарлады полициядағылар.

Сондай-ақ, Toyota Land Cruiser Prado көлігі инерция салдарынан тағы екі көлікпен соқтығысты.

Полиция департаменті хабарлағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды сұрайды.

Добавить комментарий